Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезінде алдағы өзгерістер туралы айтып, экс-президенттің еңбегін атап өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенті.
– Қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет. Осы ретте, азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқарады. Қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін. Осыған байланысты мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді. Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез-келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық, – деді ол партия съезінде.
Қ.Тоқаев Н.Назарбаевтың тарихи еңбегін ұмытпауға шақырып «өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр» деді.