МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АҚШ КОНГРЕСІ ӨКІЛДЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясымен кездесті

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Кездесуге АҚШ Өкілдер палатасының Бюджет және салық жөніндегі комитетінің төрағасы Джейсон Смит, сондай-ақ Конгресс мүшелері Грег Мерфи, Кэрол Миллер, Ронни Джексон, Уэсли Белл және Эдвард Кейстер қатысты.

Президент қонақтарға ілтипат білдіріп, олардың Қазақстанға сапарының бір палаталы Құрылтай сайлауымен тұспа-тұс келуінің символдық мәніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өткен парламент сайлауы еліміздегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңінің басталғанын көрсететін тарихи оқиға болды. Бір палаталы Құрылтай заң шығару үдерісінің тиімділігі мен қабылданатын заңдардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы парламенттік дипломатия Құрылтай қызметінің маңызды бағыттарының бірі болатынын атап өтті.

– АҚШ Конгресі мен Құрылтай мүшелері арасындағы конструктивті әрі мазмұнды диалог өзара түсіністікті тереңдетіп, ортақ басымдықтарды ілгерілету және қазақ-америка серіктестігін нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие, – деді Президент.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық делегацияға Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы айтып берді. Сондай-ақ әділетті әрі озық мемлекет құруға бағытталған стратегиялық бағдар аясындағы басқару жүйесін жаңғыртудың негізгі басымдықтарына тоқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.