Отбасы – қоғамның алтын діңгегі

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, ел болашағының берік негізі. Ұрпақ тәрбиесі, ата-анаға құрмет, өзара сыйластық пен жауапкершілік сынды құндылықтар әр шаңырақтың берекесін арттырып қана қоймай, тұтас қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Осы орайда отбасылық құндылықтарды дәріптеу, Конституцияның маңызын кеңінен насихаттау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Отбасылық құндылықтар және Конституция» республикалық конкурсының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.
Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қазақстан Республикасы Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді. Негізгі мақсат – Конституцияда бекітілген отбасы, неке, ата-ана мен бала құқығының маңызын түсіндірумен қатар, қоғамдағы отбасы институтының мәртебесін арттыру, өнегелі отбасылардың тәжірибесін көпшілікке үлгі ету.
Салтанатты іс-шара еліміздің Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Самат Тұрегелдиев қатысушыларды байқаудың облыстық кезеңінің өтуімен құттықтап, отбасы құндылықтарының қоғамдағы орнына тоқталды.
– Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Мемлекетіміздің басты байлығы – елдің болашағы болатын ұрпақ. Ал ұрпақтың тәрбиесі ең алдымен отбасынан басталады. Сондықтан отбасындағы өзара сыйластықты, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті дәріптеу – баршамызға ортақ міндет. Осындай байқаулар өнегелі отбасыларды насихаттап қана қоймай, олардың өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі етуге мүмкіндік береді, – деді Самат Болатұлы.
Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев отбасы тәрбиесінің маңыздылығы және жастарға бағыт-бағдар беруде аға буынның тәжірибесі ерекше екенін айтып, ақжарма тілегін арнады.
– Қазақ халқы қашанда шаңырақтың қасиетін биік қойған. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің өзінде үлкен мән бар. Отбасындағы тәрбие, ата-ананың өнегесі мен ұрпаққа көрсеткен үлгісі елдің ертеңіне тікелей әсер етеді. Бүгінгі байқауға қатысып отырған әр отбасы өздерінің береке-бірлігімен, салт-дәстүрге деген құрметімен көпке үлгі бола білді, – деді Еркінбек Бейсенбекұлы.
Шараға облыс әкімдігінің басқармалары мен мекемелерінің өкілдері, ардагерлер, қоғамдық ұйым мүшелері, білім беру саласының мамандары, қалалық және аудандық «Отбасын қолдау орталықтарының» қызметкерлері, аудандық кезеңдердің жеңімпаз отбасылары, көпбалалы отбасылар мен жастар қатысты.
Байқау барысында қатысушы отбасылар өздерінің отбасылық дәстүрлерін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін, ұрпақ тәрбиесіндегі өзіндік тәжірибесін таныстырып, Кон­сти­туцияда белгіленген отба­сы институтының маңызын шығар­машылық тұрғыда жеткізді.
Байқаудың қорытынды бөлімінде үздік нәтиже көрсеткен отбасылар марапатталды. Осы ретте айта кететін жайт, аудан намысын абыроймен қорғаған Тәжібаевтар отбасы III орынға ие болды.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар байқауға белсенді қатысып, ұйымдастырылған іс-шараға өз үлесін қосқан азаматтарға Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Leave A Reply

Your email address will not be published.