Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі орман шаруашылығының жай-күйі, орман қорын қорғау, өрттің алдын алу шаралары және «Сапсан» мамандандырылған жедел қызметінің жұмысы қаралды
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нартай Егембердиев баяндама жасады.
Бүгінде Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 4 млн 416 мың гектарды құрайды. Оның 2 млн 296 мың гектары орманмен көмкерілген, бұл орман қорының 52,3 пайызына тең. Жалпы орман алқаптары облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр. Орман қорының көлемі бойынша Жамбыл облысы республикада екінші орында.
Мемлекет басшысының орман қорын ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде 2021-2027 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін арттырудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Жоспар аясында 2027 жылға дейін орман қоры аумағына 143 млн дана ағаш отырғызу көзделген.
2021-2025 жылдары 60,9 мың гектар алқапқа 113,1 млн дана көшет отырғызылып, жоспарлы көрсеткіштер орындалды. Ал 2026 жылы 9,8 мың гектар жерге 16,7 млн дана көшет отырғызу жоспарланған.
Өңірде орман өрттерінің алдын алу және олардың таралуына жол бермеу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Көктемгі кезеңде орман шаруашылығы мекемелері 11 184 шақырым өртке қарсы минералды жолақтарды күтіп-баптаудан өткізді.
2026 жылғы өрт қаупі жоғары маусым облыста 26 наурыздан басталды. Осыған байланысты орманшылықтардағы 41 өрт бақылау мұнарасы мен 20 найзағай бұрғыш толық дайындыққа келтірілді.