Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының маңызды негіздерінің бірі ретінде еңбек пен жауапкершілікті атап келеді. Себебі кез келген жетістіктің артында адамның маңдай тері, табандылығы және өз ісіне деген адалдығы жатыр.
Видеода айтылғандай, қиындыққа қарап қол қусырып отыру — халқымызға тән қасиет емес. Қазақ халқы әр кезеңде түрлі сынақтан өтіп, еңбегі мен бірлігінің арқасында талай белесті бағындырды. Бүгінгі міндет — осы қасиеттерді жаңа заман талаптарымен ұштастыру.
Жасампаздық дегеніміз — тек үлкен жобаларды жүзеге асыру емес. Ол ғылыммен айналысқан жас маманның еңбегінен, жаңа кәсіп бастаған азаматтың талпынысынан, елге қызмет етіп жүрген әрбір маманның күнделікті жұмысынан көрінеді. Әр адамның өз ісін сапалы атқаруы мемлекет дамуына қосылған үлес.
Әсіресе қазіргі жастар үшін мүмкіндік мол. Білім алып, жаңа технологияларды меңгеріп, ғылымға, кәсіпкерлікке, шығармашылыққа және спортқа бет бұруға барлық жағдай жасалып келеді. Ең бастысы — берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, нақты нәтижеге ұмтылу.
Елдің болашағы — еңбекқор, білімді және жауапкершілігі жоғары азаматтардың қолында. Сондықтан жасампаздықты қолдап, адал еңбекті бағалау — қоғамның ортақ міндеті.