Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.
«Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады», — деп жазды Берік Уәли.