Жамбыл ауылдық округіндегі Шайқорық орта мектебiнiң 10 «Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен округтегі тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған деп танылған 2 отбасыға 30 мың теңге шамасында, бір реттік күнделікті тұрмыста тұтынатын азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қайырымдылық шарасы көрсетілді.
Қайырымдылық шараға округ әкімінің орынбасары М. Нұрмаханов қатысып, қайырымдылық көрсеткен, сауапты іс жасау арқылы, кейінгі жастарға үлгі бола білген оқушыларға алғысын білдірді. Осындай саналы, әрі қайырымды ұрпақтың өсіп келе жатқаны, әрбір жанды қуантарлығы анық.