Қазіргі таңда Жамбыл ауданы көлемінде екпе егу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ауыл азаматтары, ата-аналар, жасөспірімдер екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізуде.
Аудандық орталық емханасының эпидемиолог дәрігері Сәкен Сандыбаевтың айтуынша, өңірге «Pfizer» екпесінің 10680 дозасы жеткізілсе, оның 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге бірінші компонентінің 4741 дозасы, екінші компонентінің 2435 дозасы егілген. Ал бала емізетін аналардың 922-сі бірінші компонентті, 506 екінші компонентті салдырған. Жүкті әйелдердің 343-і бірінші компонентті, 199 екінші компонентті қабылдаса, ревакцинациядан 125 ана өткен.
Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтардың 274-і «Pfizer» вакцинасын ектірген.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, екпе — індеттен құтылудың жалғыз тәсілі.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі