Ардагерін ардақтаған халықтың болашағы баянды, жастары ақылды болары сөзсіз. Бүгін Жамбыл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынбай Рысбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген аудандық ардагерлер ұйымы арасындағы байқауда бірінші орынды иеленді.
Алғыс хатты табыстаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев батагөй қарияның еңбегін елеп, құрмет көрсетті.
Қоғамды ізгілікке бастау, ауыл-аймақтың бауын тапса, байламын таппай жүрген мәселелерін бүкпесіз жергілікті орган басшыларына жеткізіп, шешілуі жолдарына сүбелі үлес қосып жүрген Орынбай қария бұл жеңіске лайық деп танылды.
Марапаттау рәсіміне «Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы және Отандастар қоры» республикалық қоғамдастық бірлестігі Жамбыл аудандық фронт-кеңсесінің директоры Сембек Пірімқұлова және аудандық ардагерлер ұйымының мүшелері қатысып отырды.
Өз кезегінде сөз алған марапат иесі елеп-ескерген азаматтарға алғысын білдірді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі