Бүгін аудандық орталық емханасының мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Хамит Мурзақасымовтың қатысуымен жылдық есеп беру жиыны өтті. Басқосуда аудандық орталық ауруханасының 2021 жылдың 12 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы зерделеніп, 2022 жылғы медициналық кеңес мүшелерін бекіту туралы күн тәртібіндегі мәселе қаралды.
Сондай-ақ орталық аурухананың құрамы мен жабдықтары, тұрғындар туралы мәліметтер, қаржыландыру бағыты, кадр құрамы, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету шаралары, арыз-шағымдар жайы, МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарды өзектендіру мәселесі, цифрландыру, медико-демографиялық станционарлық қызметтердің жұмысы, скринингтік тексерулер көрсеткіші, тууға қабілетті жастағы әйелдер бойынша өткізілген медициналық тексеру қорытындылары, екпе егу жұмыстары, денсаулық сақтау саласындағы жетістері туралы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленов егжей-тегжейлі баяндама жасап, слайдты көпшілік назарына ұсынды.
ЕКПІНДІ ЖҰМЫСТАР ЖЕТІСТІГІМЕН ҚУАНТАДЫ
Жауапкершілікпен атқарылған жұмыс өз нәтижесімен қатар, жетістігімен де қуантады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «ДамуMed» медициналық ақпараттық жүйесі еңгізілді. Қамтылу 100 пайыз. Сонымен қатар жүйеде рентгенологиялық кескіндерді науқастың электронды паспортына жүктелуіне арналған PACS жүйесі қосылған
Ағымдағы жылы жылжымалы медициналық кешен шалғай мекендегі тұрғындарға қызмет көрсетуде. Аудандық емхана мен Жалпақтөбе ауылдық емханасында МӘМС жарнасын төлеуге арналған терминалдар орнатылды.
Жамбыл аудандық орталық ауруханасы – «Е-кезек» электронды кезек жүйесін алғашқы іске қосқан облыстағы жалғыз мекеме. Аудандық емхана мен Жалпақтөбе ауылдық емханасында электронды кезек құрылғысы орнатылған.
ЕКПЕ ЕКТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жамбыл ауданы көлемінде екпе егу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ауыл азаматтары, ата-аналар, жасөспірімдер екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізуде. Басшылардың сөзіне сүйенсек, өңірге «Pfizer» екпесінің 10680 дозасы жеткізілсе, оның 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге бірінші компонентінің 4741 дозасы, екінші компонентінің 2435 дозасы егілген. Ал бала емізетін аналардың 922-сі бірінші компонентті, 506 екінші компонентті салдырған. Жүкті әйелдердің 343-і бірінші компонентті, 199 екінші компонентті қабылдаса, ревакцинациядан 125 ана өткен. Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтардың 274-і «Pfizer» вакцинасын ектірген.
Баяндамашыныңң сөзін мұқият тыңдаған Хамит Саттарханұлы аудандық орталық ауруханасының атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, ұсыныс-пікірлерге назар аударды.
Жиынға аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруков, ауданның бас санитарлық дәрігері Ғабит Әбділдә және дәрігерлер қатысып отырды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі