Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуда тек өнім көлемін арттыруға ғана емес, оны қайта өңдеу кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтамасыз етуге де басымдық берілуде. Осы мақсатта биыл бірқатар дақылдардың егіс көлемі ұлғайтылды
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Соның бірі – дәндік жүгері. 2026 жылы оның алқабы 7,4 мың гектарға артып, жалпы көлемі 25,6 мың гектарға жеткізілді. Маусым қорытындысында 179,2 мың тонна жүгері жинау жоспарланып отыр.
Жүгері өндірісінің ұлғаюына өңірдегі ірі инвестициялық жобаның іске асуы да әсер етуде. Биыл жүгеріні терең өңдеуге бағытталған қытайлық Fufeng Group компаниясының өндірістік кешенінің бірінші кезеңін іске қосу жоспарланған. Кәсіпорынның алғашқы кезеңінде жылына 500 мың тонна жүгеріні өңдеу көзделсе, жобаның жалпы құны 800 млрд теңгені құрайды.
Қант қызылшасы өндірісінде де оң өзгеріс бар. Биыл бұл дақылдың егіс көлемі 3,3 мың гектарға ұлғайып, 9,9 мың гектарға жетті. Нәтижесінде 450 мың тонна қант қызылшасын жинау жоспарланып отыр.