1–4 қазан аралығында Халықаралық қарттар күніне орай еліміздің барлық өңірінде «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі өтуде. «Әділет» партиясы ұйымдастырған ауқымды шараға 3,5 мыңнан астам адам қатысып, 20 түрлі іс-шара өткізу жоспарланған
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Фестивальдің негізгі мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен білімін жастарға жеткізу, сондай-ақ қарттардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау.
Астанадағы «Жетісу» саябағында фестивальдің орталық іс-шарасы ұйымдастырылды. Жиында «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев үлкенге деген құрмет тек мерекелік күндермен шектелмеуі керектігін атап өтті.
«Еліміздің бүгінгі жетістіктерінің негізін аға буын қалады. Оның артында ондаған жылдық еңбек, білім мен мол өмірлік тәжірибе тұр. Біздің міндетіміз – осы байланысты үзбеу. Жастар өз тамырын біліп, үлкендердің еңбегін құрметтеп, тәжірибесін бойына сіңіруі керек. Ал аға буын қоғам өміріне белсенді араласуын жалғастырғаны маңызды», – деді Ержан Жылқыбаев.
Оның айтуынша, ұрпақтар сабақтастығы құрмет, жауапкершілік, еңбекқорлық, ынтымақ және отансүйгіштік секілді ортақ құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.
Спорт, ұлттық ойындар және шығармашылық кездесулер
Фестиваль бағдарламасы дәстүрлі концерттермен ғана шектелмейді. Еліміздің өңірлерінде түрлі буын өкілдерін біріктіретін ашық алаңдар, спорттық жарыстар, шығармашылық кездесулер және тәжірибе алмасу форматтары ұйымдастырылуда.
Мәселен, Шымкент қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 30-ға жуық қарт шахмат, дойбы, бильярд және үстел теннисінен жарысты.
Ал Павлодар облысында еңбек ардагерлері арасында бильярдтан турнир өтті. Жарысқа Павлодар қаласы мен Ақтоғай ауданынан 65 пен 88 жас аралығындағы 17 адам қатысты.
Фестиваль аясында тоғызқұмалақ, асық ату, дәстүрлі қолөнермен танысу және бірлескен шығармашылық қойылымдар да өткізіледі.
Астанада 65–81 жас аралығындағы өнерпаздардан құралған «Есіл толқындары» халықтық ардагерлер ансамблі өнер көрсетті. 2017 жылы құрылған шығармашылық ұжым еліміздің әр өңірінде гастрольдік сапармен концерттер ұйымдастырып келеді.
«Цифрлық ата, цифрлық әже»: аға буынға цифрлық қолдау
Фестивальдің маңызды бағыттарының бірі – аға буын өкілдерінің заманауи технологияларды меңгеруіне көмектесу.
«Цифрлық ата, цифрлық әже» алаңында жас волонтерлер қарттарға цифрлық сервистерді пайдалануды үйретіп, интернеттегі қауіпсіздік, алаяқтықтан қорғану және онлайн қызметтерді қолдану жолдарын түсіндіреді.
Ал «Болашаққа бағдар» алаңында қатысушылар келер ұрпаққа арналған тілектерін жазып, бейнеүндеулер жолдайды.
Ұрпақтар диалогына арналған алаң
Фестивальдің тағы бір маңызды бөлігі – әр буын өкілдері арасындағы ашық диалог. Қатысушылар отбасы құндылықтары, тәрбие, еңбек пен жауапкершілік, ұлттық дәстүрлер және кейінгі ұрпаққа аманат етілуі тиіс құндылықтар туралы пікір алмасады.
Іс-шараларға аға буын өкілдері мен жастардан бөлек, депутаттар, партия белсенділері және волонтерлер қатысуда. Өңірлердегі фестиваль шараларын ұйымдастыруға партияның «Жастар Рухы» жастар қанаты мен «Жас Ұлан» ұйымы да атсалысып жатыр.
Аға буынды қолдау – басым бағыттардың бірі
Аға буын өкілдерін қолдау «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бағыттардың бірі.
Бағдарламада белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын дамыту, ауруларды ерте анықтау және ұзақ мерзімді күтім жүйесін жетілдіру шаралары қарастырылған. Сонымен қатар тәжірибелі зейнеткерлерді тәлімгерлікке, волонтерлікке және қоғамдық жұмыстарға тартуға басымдық берілген.
«Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі аясындағы іс-шаралар 4 қазанға дейін жалғасады. Фестиваль түрлі буын өкілдерінің өзара тәжірибе алмасуына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдағы ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған.