2 қазанда Астанада өтіп жатқан AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумының екінші күніне 25 мыңнан астам адам қатысты. Күн тәртібінде жасанды интеллекттің жаһандық экономикаға ықпалы, технологиялар мен капитал үшін бәсеке, цифрлық трансформация, инфрақұрылым, адами капитал және технологиялық кәсіпкерлік мәселелері талқыланды
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Форумның екінші күнінде іскерлік бағдарламаға 300-ден астам спикер, оның ішінде 90-нан астам шетелдік сарапшы қатысып, 60-қа жуық панельдік сессия өтті.
Іс-шараның көрме бөлігінде де белсенділік жоғары болды. Startup Alley аймағында 90-нан астам стартап өз өнімдері мен технологиялық шешімдерін таныстырса, көрме алаңында 49 IT-компания мен 50 жеке стенд және павильон орналасты. Форум аясында технология, инвестиция, білім беру және халықаралық ынтымақтастық бағыттарында 40-тан астам меморандумға қол қойылды.
Жаңа AI экономикасы
Екінші күннің негізгі пікірталастарының бірі «The New Economy: Powered by AI» сессиясы болды. Қатысушылар жасанды интеллекттің әлемдік экономиканың құрылымын қалай өзгертіп жатқанын және экономикалық өсудің жаңа модельдерін қалай қалыптастыратынын талқылады.
Сессияға Премьер-Министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев, Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов, 01.AI негізін қалаушы әрі бас директоры, Sinovation Ventures төрағасы Кай-Фу Ли, Sherpa Capital компаниясының бірлескен негізін қалаушы Шервин Пишевар және «Қазахтелеком» АҚ басқарма төрағасы Багдат Мусин қатысты.
Пікірталасты Financial Times журналисі Элеанор Олкотт жүргізді.
Сарапшылардың пікірінше, жасанды интеллект енді тек технологиялық сектордың даму бағыты емес, экономиканың түрлі салаларындағы бизнес-модельдерге, еңбек нарығына және инвестициялық шешімдерге әсер ететін негізгі факторлардың біріне айналып келеді.
AI-дың жаңа әлемдік тәртібі
Жаһандық технологиялық өзгерістер «The New AI World Order» сессиясында да талқыланды. Сарапшылар жасанды интеллекттің жаңа әлемдік архитектурасы есептеу қуаты мен технологияларға ғана емес, капиталға, халықаралық ықпалға және инновациялық экожүйелерге қол жеткізу мүмкіндігіне де байланысты қалыптасып жатқанын атап өтті.
Пікірталасқа Cambrian Futures негізін қалаушы әрі бас директоры Олаф Дж. Грот, Цинхуа университетінің профессоры Яцинь Чжан және Mastercard атқарушы вице-президенті Иэн Слейтер қатысты. Сессия модераторы — Financial Times журналисі Элеанор Олкотт.
Талқылау барысында мемлекеттер мен компаниялардың жасанды интеллект саласындағы технологиялық артықшылық үшін бәсекесі, есептеу инфрақұрылымының маңызы және AI-дың халықаралық экономикалық ықпалға әсері сөз болды.
AI дәуіріндегі капитал
Инвестиция тақырыбы «Capital for the AI Era» сессиясында жалғасты. Кездесуге Kraken бірлескен бас директоры Дэвид Рипли, Revolut атқарушы директоры Павел Нестеров, Әсел Төлеубаева және Ғазиз Сейлханов қатысты. Сессияны Елизавета Осетинская жүргізді.
Қатысушылар жасанды интеллектке негізделген жобалардың ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыру әлеуетін талқылады.
Пікірталастың негізгі тұжырымдарының бірі — инвесторлар үшін компанияның AI технологиясын қолдануының өзі жеткіліксіз. Нарықтағы нақты сұраныс, жұмыс істейтін өнім, меншікті деректер базасы, тұрақты тұтынушылар және бизнесті масштабтау мүмкіндігі жобаның инвестициялық тартымдылығын айқындайтын маңызды факторларға айналып отыр.
Жеті алаңдағы бағдарлама
2 қазанда форум бағдарламасы бір мезгілде жеті алаңда — Eurasian Hall, Steppe Hall, Shanyraq Hall, Vision Hall, Connect Hall, VC Hall және Pitching Zone залдарында өтті.
Бағдарлама жасанды интеллекттің экономикадағы рөлінен бастап цифрлық мемлекеттік басқару, технологиялық кәсіпкерлік, инвестициялар, инфрақұрылым және адами капиталға дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтыды.
Көрме бағдарламасы Robotics, Art, GameDev және Vibe Coding атты төрт тақырыптық аймаққа бөлінді. Ал Startup Alley технологиялық стартаптарға өз өнімдері мен әзірлемелерін халықаралық аудиторияға таныстыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан — Еуразиядағы AI хабына
Форумның екінші күніндегі пікірталастар «Kazakhstan is the Eurasian AI Hub» тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен үндесті.
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық сарапшыларды, технологиялық компанияларды, инвесторларды, мемлекеттік институттар мен стартаптарды бір алаңға жинап, Қазақстанның цифрлық экономикасы мен технологиялық экожүйесін дамытуға бағытталған диалогты күшейтіп отыр.
AI & Digital Bridge 2026 форумы 1–3 қазан аралығында Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтуде.