Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданында болып, дала еңбеккерлерінің көктемгі егіс жұмыстарына дайындығын және жөндеуден өткізіліп жатқан каналдардың жай-күйін көрді.
Алдымен аймақ басшысы Айша бибі ауылындағы «Райс» каналында болды.
Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың айтуынша, «Европалық даму банкі» бағдарламасы арқылы каналдарды ретке келтіру үшін 7,4 млрд. теңге бөлініп, бүгінде бұл қаражаттың 4,4 млрд. теңгесі игерілген немесе 59% пайызды құрайды. Бағдарламаға сәйкес, 440,6 шакырымды кұрайтын 72 каналда кұрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланса, «ПУИИД» бағдарламасымен 3,6 млрд теңге қаралып, оның 2,3 млрд. теңгесі бүгінде жұмсалған немесе жөндеу жұмыстары 65% пайызға жеткен.
Жұмыстар толығымен аяқталар болса, 81 шақырымды құрайтын 22 су шаруашылық жүйесіне кайта қалпына келтіріледі. Жалпы 11 млрд. теңгеге 521,6 шақырымға созылған 94 канал жаңартылады. Оның 203,2 шақырымы топырақты жер, 318,4 шақырымы бетондалған су жүйелері болып табылады.
«Раис» каналыны 1972 жылы салынған, ұзындығы – 33,6 шақырым. Мердігер – «Бурводстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылысқа 35 адам, 15 техника жұмылдырылған. Жұмыстар сәтті аяқталар болса, «Райс» каналының бойымен 3098 гектар жер суарылады.
Құрылыс жұмыстарына қарқын беру қажеттігін ескерткен аймақ басшысы Бердібек Машбекұлы сапалы жасалу назарда болатынын жеткізді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі