Қазақстанның экологиялық болашағы мен табиғатқа деген көзқарасымыз жаңа Конституцияда жаңаша сипат алып, басты басымдықтардың қатарына көтерілді. Ел болашағы үшін аса маңызды бұл ережелер жаңа Конституцияда нақты көрсетілген. Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға жəне табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті. Мемлекет адамның өмір сүруіне жəне денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді. Адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төндіретін фактілерді, мəн-жайларды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сəйкес жауаптылыққа алып келеді.
Бүгінгі таңда «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасы тек қана сенбіліктер мен ағаш отырғызу науқаны емес, ол әрбір саналы азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс жауапкершілік. Жаңа Конституция бұл қағидатты мемлекеттік саясаттың іргетасына айналдырып отыр. Табиғатты аялау — ұрпақ алдындағы қасиетті борыш. Қоршаған ортаның тазалығы мен экожүйенің тұрақтылығы тек экологиялық министрліктердің немесе эко-белсенділердің ғана емес, әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті. Заң талабы бойынша, табиғи байлыққа ұқыпсыз қарау немесе экологиялық қатерлерді жасыру әрекеттері қатаң жазаланады. Бұл мемлекет пен қоғамның табиғатты қорғаудағы бірлескен қадамдарының айқын көрінісі.
Экологиялық мәдениетті әрбір отбасынан, балабақша мен мектептен бастап қалыптастыру басты мақсат. Туған жердің әрбір бұлағын тазартып, көшемізді жасыл желекке бөлеу арқылы ғана біз шын мәніндегі Таза Қазақстанды құра аламыз. Жаңа Конституцияда көрсетілген бұл қағидалар әрқайсымызға ертеңгі күнге сеніммен қарауға мүмкіндік береді.