1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылған Ауған соғысы мыңдаған адамның өмірін қиды.
Соғысқа ауданнан 130-дан астам азамат қатысып, 6 жауынге соғыста қаза тапты.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуына 33 жыл толуына орай аудан әкімі Сәкен Арубаев майданда ерлік көрсеткен ардагерлермен кездескеннен кейін, Ауған соғысы ардагерлерінің аллеясына барып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Сөз алған өңір басшысы Сәкен Қаланұлы қасіретті жылдардың салған жарасы халық жадынан ешқашан ұмытылмайтынын, ардагерлер егемен елдің мәңгілік қаһарманы екенін тілге тиек етті.
Ауған соғысындп қаза болған Нұрлан Омаров, Ережеп Саухатов, Оразғали Тұрсынбаевты қаруластары еске алып, естеліктерімен бөлісті.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі