- Бүгінде аудан көлемінде екпе егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әсіресе, 12-17 жас аралығындағы жасөпірімдерге, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, 60 жастан асқан азаматтарға «Pfizer» вакцинасы егілуде.
Бүгін Жамбыл аудандық орталық ауруханасының балалар дәрігері Айгүл Байғабылова бастаған ақ халатты абзал жандар Аса ауылындағы Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінде болып, оқушыларды толықтай тексеруден өткізіп, екпе салдыруда.
Ата-аналардың рұқсатымен бүгінде 120 оқушы екпе қабылдады.
Вакцина алдырғаннан кейін жасөспірімдер екпе егу бөлмесінің медбикесі Ортикова Асия, мектеп медбикелері: Көшкенбаева Ләззат, Жадыраева Айжан есімді дәрігерлердің бақылауында болады.
Алдағы уақытта дәрігерлер басқа да мектептерге барып, екпе егу шараларын жалғастырмақ.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі