Бүгін Жамбыл ауданының әкім Сәкен Арубаев Құмтиын ауылының тұрғынынын жеке сұрағы брйынша қабылдап, өтінішіне құлақ асты.
4 баланың анасы өмірсерігімен бейнеттеніп жүріп, үй салғанымен газ кіргізуге қиналып тұрғанын жеткізді.
– Атаулы әлеуметтік көмек алуға жұбаймыз екеуіміздің табысымыз асып кетуіне байланысты көмекке қол жеткізе алмадым. Баспана салу үшін несие алып, әзер аяқтадық. Үйімді газбен қамтуға көмек көрсетуіңізді сұраймын! Қайтарымсыз несиені алып, кәсіп көзін ашуға қолдау білдірсеңіз, — деді тұрғын.
Талап-тілегін мұқият тыңдаған өңір басшысы Сәкен Қаланұлы «КазТрансГаз» аудандық бөлімшесінің директорына байланысқа шығып, құмтиындық азаматтың мәселесіне шешілуін бақылауға алып, реттеп беруді тапсырды. Жұмыс барысын баяндап отыруды жеткізді.
Ал қайтарымсыз несие алу жұмыстары бойынша қолдау көрсететінін тікелей сала басшыларына тапсырды.
Сондай-ақ өтінішімен қайырылған азаматшаға қаржылай қолдау көрсетті.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі