ҚР Президент әкімшілігінің келісіміне сәйкес, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен және аудандық мәслиxаттың келісімімен Сәкен Арубаев Қаланұлы Шу ауданының әкімі болып тағайындалды.
Жамбыл ауданын басқарған жылдары Сәкен Қаланұлы 130-ға жуық көшенің асфалттануына, 10 ауылға ауыз су, 13 елді мекенге газ құбырын тарту жұмыстарына, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени нысандардың еңсе тіктеуіне, 4 ауылды арақ-шараптың сатылмауына бастау болған
Арубаев Сәкен Қаланұлы 1976 жылы Мойынқұм ауданында туған, білімі жоғары.
М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін 1998 жылы «жерге орналастыру инженері», 2006 жылы «экономика бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Жамбыл облыстық ғылыми-өндірістік жерге орналастыру орталығында инженер жерге орналастырушы болып бастаған.
1999-2003 жылдары Жамбыл облыстық жер инспекциясының бас маманы;
2003-2004 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы;
2004-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі;
2007-2008 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары;
2008-2009 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бастығы;
2009-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы;
2011-2013 жылдары Мойынқұм ауданының әкімі;
2013-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары;
2019 жылдың қарашасынан бастап бүгінші күнге дейін Жамбыл ауданының әкімі қызметін атқарды.
Отбасында 2 ұл, 1 қыз өсіріп, тәрбиелеуде.