Күні кеше Жамбыл ауданынан Шу ауданына әкім болып тағайындалған Сәкен Арубаев жұмысын кабинетте емес, өзі туып-өскен өңірінің әлеуметтік, мәдени нысандарын танысудан бастады.
Аудан басшысы жұмыс күнінің алғашқы қадамын Шу қаласының аумағында орналасқан ПС 35/10 қосалқы электр жүйесінің жұмыстарын көрді.
Мұнан соң Шу қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне жапсарлас салынып жатқан Төле би ауылындағы 2021 жылы құрылысы басталған 300 орындық Аль-Фараби атындағы орта мектептердің мән-жайын көріп шықты.
Қазіргі таңда қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз етіп отырған «Шу-жылу» КМК нің хал-ахуалын көрді.
Бүгінгі жұмыс барысындағы сапарын аудан басшысы «Тасөткел» су қоймасында жалғастырды.
Сәкен Қаланұлы су қоймасында жоспар бойынша 500 млн м/3 су жинау керектігін атап өтті.