Есептік жиында Шайдана ауылына балабақша салынатыны айтылды

Қарасу ауылдық округінің әкімі Самат Селеубаевтың 2021 жылы атқарған жұмыстарының есебі Шайдана ауылдық клубында өтті.

Есептік жиында ауыл азаматтары Жомарт Әбілдаев, Дидар Есалиев ауылдың жайын жеткізді.

Су тапшылығы, көшеге асфальт төсеу, жайылымдағы төрт-түліктің бағасын реттеу, мектеп мәселесі жөнінде сауалдар қойылды.

Ауыл әкімі биыл «Шайдана-Алмаз» спорт кешенінің жасанды тоғанына ағымды жөндеу, Ә.Жылқыбайұлы көшесі орта жөндеуден өткізу жұмысы бюджеттік нақтылауда шешілетінін айтты.
Ал ауылдықтар үшін ауыл меценанты, «Сәтбай» мешітінің құрылысын жүргізген Көпбергеновтер әулиеті мешіт қасынан 50 орындықты балабақша салынатынын болды.

Мектеп салу жұмыстары 2023 жылы басталатыны айтылды

Leave A Reply

Your email address will not be published.