Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Еңбек орта мектебінде өткен есептік жиында Бердібек Машбекұлы аудан әлеуетін көтеру, әлеуметтік мәселелердің жүйелі шешілуіне өңір әкімі барынша күш салу қажеттігіне назар аудару керектігін жеткізді.
Жиында Асылбек Серікұлы ауылда атқарылған жұмыстарды баяндады.
Еңбек ауылына газ тарту жұмыстары аяқталған. Тек қосылу нүктесіндегі құрылыс жұмыстары аяқталар болса, ауылға «көгілдір отын» жеткізілетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ көше жарықтандыру, ауылішілік көшелерді асфальттау жұмыстары жөнінде атқарылатын жұмыстарды айтты.
Кездесуде ауыл азаматтары тарапынан қойылған сауалдар назарға алынып, жауаптар берілді.
Өз кезегінде Б.Машбекұлы тұрғындардың өтініш-тілектерінің орындалуы барысы ауыл әкімінің тікелей бақылауында болуын назарға алу қажеттігін алға тартты
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі