Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің соңғы күні өтуде.
Олимпиада мақсаты — дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
Ауданға қарасты білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары тарих, өзін-өзі тану пәндері бойынша жалпы саны 77 оқушы (тарих-54, өзін-өзі тану-23) білім бәйгесіне түсті. Қазылар алқасының құрамында тәуелсіз сарапшылар және Жамбыл ауданының алдыңғы кәсіби шебер, жоғары санатты, тәжірибелі педагогтері қызмет атқарды.
Еске сала кетсек, өткен жылдары аудандық кезең қағаз форматта өткізілген болса, биылғы жылғы олимпиаданың ашықтығы мен академиялық әділдігін бақылау мақсатында тікелей эфирде және электронды форматта өткізілуде. Сонымен бірге бақылаушы ретінде «Жамбыл дарыны» облыстық орталығының қызметкерлері, ата-аналар мен Жамбыл аудандық «Адалдық алаңы» жобалық офисінің қызметкерлері қатысуда.