Жамбылдық полицейлерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 әйел өтініш білдірді. Олар әлеуметтік желілер арқылы біліктілікті арттыру сертификаттарын дайындауға уәде берген қызбен танысқандарын айтты.
Шағымданушылар оған қалай ақша жібереді, солай телефонын бұғаттап тастаған және із-түссіз жоғалып кеткен. Сертификаттар үшін жәбірленушілер түрлі көлемде ақша берген: 80 000-нан 160 000 теңгеге дейін.
Аталған деректерге қатысты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тараз қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.