Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы «Қуат» каналын тазарту жұмыстарының барысын көрді.
Кеше ғана облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан басшысына бірқатар тапсырма жүктеген болатын. Солардың бірі — каналдарды көктемгі дала жұмысына даярлау.
10 шақырымды құрайтын «Қуат» каналын механикалық тазалау жұмыстарына жергілікті шаруа қожалық иелері мықтап кіріскен.
Екі апта көлемінде жұмыстар аяталатынына «Досым» шаруа қожалығының төрағасы Досым Қайыпов сенімді.
Жұмыстарды арнайы барып көрген өңір басшысы Ерлан Қыдыралыұлы:
— Жұмыстар сәтті аяқталар болса, 1236 гектарды суаруға мүмкіндік бар. Шаруалардың судан тапшылық көрмеуі үшін жұмыстарды күшейтуді қолға аламыз. Біз тараптан көмектер көрсетеміз, — деді аудан басшысы.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі