Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Аса ауылындағы «Қуат» каналын тазарту жұмыстарын көргеннен кейін, Қырғыз елімен шекаралас жатқан Қаратау ауылындағы «Раис» каналын қалпына келтіру жұмыстарын көрді.
Жұмыстар баяу жүргізілуде.
7 шақырымды құрайтын каналдың латоктары ауыстырылуда. Дегенмен, құрылыс басында 8 техника, 15 адам жұмылдырылған.
Мердігер өкілімен кездескен аудан басшысы жұмыстар кестеден қалып келе жатқанын айтып, сынға алды.
– Шаруалар көктемнің қарекетіне кірісіп кетті. Қазір 1800 гектарды суаруға қауһарлы болса, мына жұмыстар аяқталса 3000 гектарға су жібере аламыз. Ал құрылыс жұмысы мына екпінмен жалғасса, шаруалар сусыз қалады. Жұмысшылар күшін қосу керек. Алдағы күндері қайта тексеруге келетін боламыз, — деді өңір басшысы.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі