ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Назиля Раззақ Жамбыл ауданында іссапармен болды.
Іссапар аясында ол аудандық полиция бөлімінде атқарылып жұмыстармен танысып, жеке құраммен кездесу өткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов қатысқан кездесуді аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғатбек Татенов ашып, жүргізіп отырды.
Жеке құрам тарапынан мәжілісменге шешімін табуға тиіс мәселер де айтылды.
Айталық, тұрғын үй төлемдерін барлық қызметкерлерге жаппай төлсе дейді, ал қазір тек учаскілік инпсекторларға ғана төленеді екен; полицейлерге коммуналды шығындар үшін 3700 теңге белгіленген, сол сумма әлі күнге дейін өспеген, осы төлемдерді көтерсе, қоғамдық қауіпсіздікті қамтасыз етуге араналған видеорегистор, компьютерлік столдар, орындықтар, шкафтар сияқты қажеттіліктер мәселе мінберінде болды.
Өз кезегінде депутат атқарылып жатқан істерге оң бағасын беріп, өзекті мәселелерді назарға алды.
Next Post