Теңгеге қатысты доллар бағамы тағы да өсті, — деп хабарлайды Аса ақпарат порталы КASE мәліметіне сілтеме жасап.
Таңертеңгі сауда қортындысы бойынша. Доллардың орташа бағамы 3,23 теңгеге көтеріліп, 437,35 теңге болды.
Курс.кз мәліметінше, дәл қазір ірі мегаполис Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 437,08 теңге, сату 438,89 теңге.
Ал, Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 436,77 теңгеден сатып алынып, 438,48 теңгеден сатылып жатыр.
Ұлттық банкте 24 ақпанда доллардың ресми бағамы 433,39 теңгеге тең болып тұр.