Бүгін аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Жандар Тоқсабаның бастамасымен «Жан жылуы» атты мерекелік акция ұйымдастырылды.
Акция барысында орталық қызметкерлері мен ерікті жастар ауылдық округтерге барып, елді мекендердегі көмекке мұқтаж отбасыларға әлеуметтік сыйқалталар тарту етті. Сонымен қатар аудандағы медицина қызметкерлеріне гүл шоқтарын, кіші қызметкерлерге естелік сыйлықтар сыйлады.
Тәртіп сақшылары да назардан тыс қалған жоқ. Учаскелік полиция инспекторларына мерекелік дастархан жайылды. Ал, Аса ауылындағы «Ардагерлер үйінің» ауласында аудан жастарының қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Түсінгеніңіздей, игі істерімен сүйсінткен аудан жастары көптің алғысын алып, ризашылығына бөленді.