Бәрекелді! Жаңа әкім аудандағы 150-ге жуық ананы төл мерекесімен құттықтаған

Қыдыралыұлы 150-ге жуық аналарға құрмет көрсетті

 

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Ерлан Қыдарылыұлы қоғамның дамуы жолында түрлі салада қызмет еткен аналарды қабылдап, Құрмет, Алғыс хаттарды табыстады.

– Барлық жаратылыс атаулылары анадан тарайды. «Жер бетіндегі асыл қасиет күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған», деп халқымыз бекер айтпаған. Әлемдегі әсемдік пен сұлулықта әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алады. Сондықтан да барлығымыз ең әуелі Ана сөзіне бас иеміз.

Ардақты әжелер, ақ жаулықты аналар, аяулы қарындастар сіздерді көктеммен қатар келген төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге деген ыстық ықылас пеп айрықша құрмет тек бүгінгі мерекемен ғана шектелмейді.

 

Елімізге алмағайып күн туған сәтте, қазақтың азаматы атқа қонса, шаңырақтың шырығын сөндірмеу әйелге жүктелді. Ел дамуының қиын-қыстау кезеңінде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін теңестіріп, қиын сынақтан өтті. Бейбіт заманда біздің ең басты байлығымыз – алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі екені сөзсіз, Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, Әрқашан арамызда күліп-ойнап, шаттанып жүре беріңіздер, – деген Ерлан Қыдыралыұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан Бати Қарабалаева, Орынгүл Мұсабекова, Қанымкүл Зарпұлова, Райхан Момынова, Фатима Алтынбекова, Нұржамал Сабралиева, Бахыт Жұмабаева, Ширакүл Тұрсынбекова, Маржан Ақтанова, Айбарша Ахметова, Света Шаушенова, Гүлсара Абуова, Жазира Миралиева Құрмет грамотасын табыс етсе, Райхан Шерімова, Қаншакүл Жаманбаева, Сәрсекүл Қарасартова, Гүлзат Ташбаева, Бахтыкүл Тленшиева, Балжан Құдайбергенова, Ботакөз Қалтаева, Бубипатима Берсенкулова, Артыкүл Үсенбаева, Үрләй Нышанова, Патимат Жабелова, Ақбота Мақұлбекова, Анаржан Ақшалова, Сәуле Алабаева, Махира Сәрсембаева, Лола Дәрменқұлова, Клара Момынжанова, Болған Майнашева, Замира Саламатова, Күләш Шитебаева, Тоқтасын Қырықбаева, Айсұлу Нұралиева, Жазира Миралиева, Алина Сазанбекова, Махаббат Танкишева, Шәрия Махажанова, Абилаш Жапарқұлова, Ләззат Көшкенбаева, Құралай Райымбекова, Фатима Жарасованы Алғыс хатымен марапаттап, бағалы сыйлықтар тарту етті.

 

Айта кету керек 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімі 17 ауылдық округтегі көпбалалы, еңбегімен еленген аналарға Құрмет грамота, Алғыс хаттарды табыстауға тапсырма берген. Бүгінде мерекеге орай өңірлегі  42 елді мекендегі 150-жуық аналар аудан басшысының мерекелік құрметіне ие болған.

Жамбыл ауданы әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.