Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Қаратөбе, Жамбыл, Айшабибі ауылдық округтерінің әкімі Ғамзат Сағымбеков, Бақыт Садырбаев, Дәрмен Дәулетпен бірлесіп, өткен жылы тиянақталған тірліктер мен ағымдағы жылы қолға алынатын жұмыстар туралы есептік кездесу өткізді.
Бектөбе ауылында өткен есептік жиында Ерлан Қыдыралыұлы округ әкімінің баяндамасынан кейін, өңірде жасалған игіліктер туралы айтып, ауылдықтардың талап-тілегіне құлақ түрді. Ауыл азаматы З.Раимбердиев ауылдағы ауызсу мәселесін, сондай-ақ Амангелді орта мектебіне директор лауазымына ауылдан кандидант таңдау керектігін көтерсе, М.Абдулин ауылға спорт кешенін қажет екенін алға тартты. Б. Қалиев ауылшаруашылығы саласына тың өзгерістер жөнінде ұсынысын жеткізсе, М.Мүсірепбаев ескі арықтарды тазалау керектігін сөз етті.
Қаратөбеліктердің өтінішіне аудан басшысы:
– Ауызсу жұмыстары өз бақылауымда. Сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Жуық арада белгілі болады.
Әрине, білім ордасын бақылауда ұстау үшін жергілікті кадр қажеттігін белгілі. Ұсыныстарыңызды тиісті басқармаға жеткізетін боламын.
Бектөбе ауылының маңында Ж.Үшкемпіров атындағы арена үздіксіз жұмыс жасайды. Спортшыларға жаттығуға барлық мүмкіндік жасалған. Ал талаптарыңызды алдағы уақытта назарға аламыз.
Арықтарды тазалау жұмыстарын ауыл әкіміне тапсырамын. Реттелетін болады.
Ал ауылшаруашылығындағы тың өзгерістер бойынша шаруа қожалық иелерін, ауыл азаматтарын хабарлау үшін 17 ауылдық округте тәжрибелі мамандарды тарта отырып, көшпелі семинар өткізетін боламыз, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Жамбыл ауданы әкімідігі баспасөз қызметі