Келесі кезекте аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Шайқорық ауылдық клубында Жамбыл аулдық округі тұрғындардың өтінішін тыңдады. Ауыл әкімі Бақыт Садырбаев жасалған жұмыстарды назарға ұсынды.
Тұрғындар ұсыныс-пікірлерін де ортаға салды. Мәселен, А.Ахметов Р.Момбекова көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған тротуар қажеттігін айтса, У.Сериев Жайлау көшесінде кейбір үйге газ құбыры, электр желісі тартылмағанын қаузады. Е.Асанқұлов Танта көшесіне орта жөндеу, ауылға кіші футбол алаңын салу, егін су бағасын біріздендіру керектігін назарға ұсынды. Ж.Оразбаев Қазына көшесін асфалттау, А.Әшімов Береке көшесіне жол жабындысын төсеу, Ш.Болысбеков, стритворкаут қажеттігін. Шалқар көшесін асфалтталса деген тілегін білдірді.
Тұрғындар өтінішін тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы көтерілген сауалдарды хаттамаға еңгізгенін, алдағы уақытта жұмыс жасалатынын жеткізді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі