Көктемнің шуағындай келетін 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі күні Қарасу ауылдық округінің әкімі Самат Селеубаев аналар қауымының басын қосып, құрмет көрсетті.
Ащыбұлақ ауылдық клубында өткен мерекелік кеште медицина, ауылдық клуб, кітапхана, мектептің азаматшаларына аудан әкімінің, ауыл әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.
Сондай-ақ мерекелік кеште қарасулықтар әннен шашу шашып, аналардың көңілін көтерді.