Бүгін Аса ауылында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылы жүзеге асырылатын жұмыстардың барысы туралы аудан әкімі мен ауыл әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі өтті.
Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығында» өткен жиынға Аса, Рахат елді мекендерінің тұрғындары келді.
Есептік жиында ауыл әкімі Бауыржан Қалшымбетов округте тиянақталған жұмыстар төңірегінде баяндама жасаса, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly өңірде қолға алынған бастамаларға тоқталды.
Ауыл азаматтары ауылға керекті жұмыстарды аудан әкімінің назарына ұсынды. Аудандық Билер кеңесінің Төрағасы Рахым Жапаров, ауыл тұрғыны Гүлсім Саурықова және бірқатар азаматтар электр жарығы, көшелерді асфальттау, каналдар жүйесі туралы сауалдарына жауап алды.
Көтерілген сауалдарға жауап берген өңір басшысы Ерлан Қыдыралыұлы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бастамаларды тиянақтайтынын жеткізді
Сондай-ақ ауыл азаматтары округ әкімі Бауыржан Қалшымбетовтың жұмысына оң бағасын берді
Жамбыл ауданы әкімдігі баспасөз қызметі