Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly мен Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаевтың @erzhandanaev өткен жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесуі ауылдық Мәдениет үйінде өтті.
Алдымен ауыл әкімі елді мекенде атқарылған жұмыстар туралы есеп берсе, аудан басшысы алдағы бастамалар туралы сөз қозғады.
Жиында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдулхалил Маюфи, ауыл азаматтары Рахымберді Саламатов Әуесхан Әшірбаев, Әкімжан Жакупов көше жарықтандыру, тротуар төсеу, ардагерлерге ескерткіш салу, көше асфальттау, жол белгісін орнату және баскада сауалдарды көтерді.
Тұрғындар пікірін мұқият тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы алдағы уақытта аталған көшелер және сауалдар бойынша зерделеу жүргізіліп, шешімін табу жолына күш салатынын жеткізді.
Сондай-ақ ауыл азаматы Хамзин Дәулетхан жол торабына белгілер орнату керектігін, балалар жолдан өткенде алаң күй кешетінін жеткізді.
Сөз алған Ерлан Қыдыралыұлы мұндай қауіпті жолға міндетті түрде жол белгісін орнатуды сала басшыларына тапсырып, бір апта уақыт берді.
Жамбыл ауданы әкімдігі баспасөз қызметі