Есептік жиында Қыдыралыұлы 7 ауылдың көшесін асфальттауға уәде берілді
Ауданның әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі Рахматулла Исаевтың өткен жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесуі өтті.
Алдымен ауыл әкімі елді мекенде атқарылған жұмыстар туралы есеп берсе, аудан басшысы алдағы бастамалар туралы сөз қозғады.
Рахматулла Нұрымұлы Иманқұл каналы дренаждық тазалаудан өткенін, БАМ су қоймасын қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталғанын,
Жасөркен орта мектебі күрделі жөндеуден өткенін, 222 жер телімі кезекте тұрған азаматтарға берілгенін тілге тиек етті.
Алдағы жұмыстарға да тоқталған ауыл әкімі Қызылқайнар ауылдық аммбулаториялық пункті қалпына келтіру жұмыстары, сондай-ақ ауызсу жүйесі кіргізілмеген аулаларға құбыр жүргізілетінін, Пірімқұлов көшесіне асфальт төселуге өтінім берілгенін айтты.
Жиында Қызылқайнар, Жасөркен ауылы тұрғындары ауыл жайын айтты.
Ауыл азаматы Шенгелбаев Тастанбек, Кенже Құрманқұлав, Бегалы Искаков және бірқатар азаматтар жайылым мәселесі, көшелерге асфальт төсеу, ауыз судың сапасын тексеру, ауылды көгершіктендіруге қолдау білдіру, жарықтандыру мәселесін көтерді.
Тұрғындар тілегін тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы ауыл азаматтарының өтінішін ескере келе, 7 көшені орта жөндеуден өткізілетінін айтты.
— Ауылдықтарының пікірінің барлығы хаттамаға енгізілді. Алдарыңызға келгеннен кейін, ұсыныстарыңыздың орындалуына жұмыс жасаймын. Биыл Жасөркен қиылысымен бірге, Абдуллаев қиылысымен бірге, Тұралиев, Терлікбаев, Талас, Қазақстанға 10 жыл көшелерін асфальттауға күш саламыз. Бұл жеке бақылауымда болады. Көтерілген әр сауалдың шешілуі жолдары бар. Біз жұмыс барысын әр тоқсан сайын өздеріңізбен басқосып, баяндайтын боламыз, — деді Ерлан Қыдыралыұлы
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі