Қарой ауылдық округі тұрғындарының өтініші назарға алынды
Бүгін аудан әкімі мен Қарой ауылдық округінің әкімі 2021 жылдың қорытындысы бойынша және ағымдағы жылы жүзеге асырылатын бастамалар туралы қаройлықтардың алдында есептік кездесу өткізді.
Жиында ауыл азаматтары жайылым жер, көше асфальттау, жарықтандыру, әлеуметтік-мәдени нысандардың қажеттігі бойынша сауалдар жолдады.
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы көпшіліктің айтарын орындауға күш салатынын, жұмыстың орындалуы барысын хабарлау үшін әр тоқсан сайын есеп беретінін жеткізді.
Кездесуге аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудандық мәслихат депутаты Нұрдаулет Момынов және бірқатар бөлім басшылары қатысып отырды.
Жамбыл ауданы әкімдігі баспасөз қызметі