Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен Бесағаш ауылдық округінің әкімі Бейбіт Нигматуллаевтың 2021 жылдың қорытындысы бойынша және ағымдағы жылы жүзеге асырылатын бастамалар туралы тұрғындар алдында есептік кездесу өткізді.
Жиында ауыл азаматтары жайылым жер, көше асфальттау, жарықтандыру, әлеуметтік-мәдени нысандардың қажеттігі, ауызсу жүйесінің құрылыс сапасы бойынша сауалдар жолдады.
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Бесағаш, Түрксіб ауылы азаматтарының айтарын орындауға күш салатынын, жұмыстың орындалуы барысын хабарлау үшін әр тоқсан сайын есеп беретінін жеткізді.
Кездесуге аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудан әкімінің орынбасарлары Олжас Баққараев, Нұрлан Несіпбеков, аудандық мәслихат депутаты Дәрен Ахметжаев және бірқатар бөлім басшылары қатысып отырды.
Жиында халық қалаулысы ауыз су жүйесіндегі кемшіліктерді көпшілік назарына ұсынып, реттеу жұмыстарын жүргізуге ықпал көрсету қажеттігін тілге тиек етті.
Жамбыл ауданы әкімдігі баспасөз қызметі