Шу ауданы әкімі Сәкен Арубаев, Өндіріс ауылдық округіне қарасты Абай ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Сайра Жанабайқызы Тлеумаханованың сүт өнімдерін өңдейтін шағын цех жұмысымен танысты.
2016 жылдан бастап жеке кәсіп ашқан Сайра Жанабайқызы, 2019 жылдан бері сүт өңдейтін шағын цех арқылы «Аделя» сүт өнімдерін өндіреді. «Аделя» шағын цехы сүт өнімдерінен сүт, айран, қаймақ, құрт, ірімшік, сүзбе өнімдерін өндіреді.
Бүгінгі таңда «Аделя» сүт өнімдері Шу қаласы мен Төле би ауылындағы ірі супермаркет дүкендерінде сатылуда. Сонымен қатар, Тараз қаласында мереке қарсаңында және сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне сүт өнімдері қойылады. Бес асыл тұқымды мүйізді ірі қарадан күніне 40-45 литр сүт жиналады. Цехта тұрақты 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Аудан әкімі шағын цех жұмысын алдағы уақытта жаңа деңгейге көтеріп, мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау көрсету керектігін жеткізді.
Сайра Жанабайқызы 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай, Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың және Шу ауданының әкімі Н.Календеровтың «Алғыс хатымен» марапатталған.
Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметі