Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұймдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту, облыс жұртшылығы арасындағы мәдени және рухани байланысты күшейту мақсатындағы«Рухани керуен» өз жұмысын бастап Тараз қаласынан Байзақ ауданына жолға шықты.
Рухани керуенді шығарып салу салтанатын Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркінбек және Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Қадірбекұлы Садубаев ашып берді.
«Рухани керуен» жоспар бойынша бір ауданға, ол ауданның керуені келесі ауданға ауыспалы түрде жалғасып отырады.