«Qazaqstan» ұлттық арнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап шықтым.
Жүрмізғой елдің ортасында. Білеміз қай салаға басымдық беру керек екенін. Сол бастаманың тамырын, елдің іштегі тілегін ел Президенті дөп басты.
Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған», дегені ұлттың көптен бері армандап жүрген ұсынысын дөп басты.
Абай облысы құтты болсын!
Нұрбол Қуанышбеков,
Жамбыл аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры.
#ТоқаевЖолдауы #Жолдау2022 #ЖаңаҚазақстан #QazaqstanDa #ПосланиеТокаева #ГлаваГосударства #ПрезидентЖолдауы #NewKazakhstan
#CCS