Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын ұжыммен бірге көрдік.
Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды.
Сондай-ақ Президент: «Мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін» деп жаңа реформаның барысына тоқталды.
Мемлекет басшысы мұнымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ашықтық принціпін ұстану керектігін міндеттеді.
Елдің көкейіндегі дүниелер ел Президентінің сөзінен табылғаны көпшілікті қуантқаны сөзсіз.
Азамат Қалмахан,
Жамбыл аудандық полиция бөлімінің жергілік полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны