Елдің ойы дөп басылды

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАҢА ОБЛЫСТАРМЕН АЯҚ БАСТЫҚ

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа Жолдауын орталық ауруханада дәрігерлерімен бірге көрдік.
Мемлекет басшысы ел мүддесін бәрінен жоғары қоятынын, жұрттың көкейінде нендей мәселелер жүргенін білетінін, бәрінен хабардар екенін анық аңғартты.
Халықтың мемлекетті басқару ісіне белсенді қатысуына қажетті жағдай жасайтынын жеткізді.  Президенттің ұсынған бастамалары орынды, бағыт-бағдары дұрыс. Ендігі кезекте соны жүзеге асыру, Жаңа Қазақстанды құру жолында әрбіріміз тамшыдай болса да өз үлесімізді қосу азаматтық парызымыз.

Әсіресе, Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз», дегені тарихқа деген тағзым екенін, ел азаматтарының айтар ойын іспен жеткізді.
Жаңа Қазақстанға жаңа облыстармен, ашықтықпен аяқ басайық.

Алтай Сауруков,
Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

#ТоқаевЖолдауы #Жолдау2022 #ЖаңаҚазақстан #QazaqstanDa #ПосланиеТокаева #ГлаваГосударства  #ПрезидентЖолдауы #NewKazakhstan
#CCS

Leave A Reply

Your email address will not be published.