Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа Жолдауы Жолдауларының алды болды. Президент халықпен үндескісі келетінін, ел мүддесін бәрінен жоғары қоятынын, ел-жұрттың көкейінде нендей мәселелер жүргенін білетінін, бәрінен хабардар екенін анық аңғартты. Қараша халықтың мемлекетті басқару ісіне белсенді қатысуына қажетті жағдай жасайтынын жеткізді. Алдағы уақытта БАҚ-тың тәуелсіз болатыны, журналистерге еркіндік берілетіні қуантты. Президенттің ұсынған бастамалары орынды, бағыт-бағдары дұрыс. Ендігі кезекте соны жүзеге асыру, Жаңа Қазақстанды құру жолында әрбіріміз тамшыдай болса да өз үлесімізді қосу азаматтық парызымыз.
Ильяс Қалыбеков,
Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің бөлім меңгерушісі