Халықтың ойын дөп басқанын айтуымыз керек
Жаңа ғана «Qazaqstan» ұлттық арнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап шықтым. Несін жасырамыз, халық күтті ғой осы бастамаларды. Елдің іштегі тілегін ел Президенті дөп басты.
Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды.
Әріптестерімізбен бірге, зейін қойып тыңдап шықтық. Үлкен әсер алдық. Әсіресе қазақтың тарихымен үндескен үш облыстың атауы жігер сыйлады. Енді Жаңа Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуымыз керек.
Ғабит Әбілдә,
Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.