Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Жәрмеңке барысында аудандық прокуратураның аға прокуроры Жазира Миралиева борышкерлерді жеке сұрақтарымен қабылдап, сөз еткен мәселесін назарға алды. Оларға заң шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пайдалы кеңестер берді.
Сонымен қатар аға прокурор аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Алтай Стамқұловқа борышкерлерді жұмысқа орналастыруға және оқуға жіберуге баса мән беру керектігін алға тартып, үлкен маңызға ие бұл мәселені жіті назарында ұстайтынын айтты.
Сот орындаушылары қатысқан еңбек жәрмеңкесінде аудан әкімдігінің қаржы-шаруашылық бөлімшесі мен өзге де мекеме-ұйымдар келушілерге бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі