ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ — ЖАҢА РЕФОРМАМЕН

Қаңтар дүрбелеңінен кейін енді не болар екен? Расымен саяси жүйемізде өзгерістер болып, шын мәніндегі жаңғыруға бастаймыз ба? «Жаңа Қазақстан» идеясының жасампаздығының нақты қандай тетіктері болады сияқты ойлар мазалағаны белгілі.

Осы, тағы басқа сауалдарға бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында ашық жауап берді. Жолдауда еліміздің күрделі мәселелерінің алдыңғы қатарында саяси реформалардың бағыттары айқындалды.

Бұқара халықтың мемлекет тарапынан қабылданатын шешімдер мен елді басқару жүйесіне барынша қатысуына мүмкіндіктер кеңейтілетін болды. Өйткені, ел үшін қандай шешімдер, оны кімдер қалай қабылдап жатырғаны саяси реформаға деген тегеурінді талаптарды алға шығаруда.
Елді демократияландыруды жетілдіру мақсатында Президент өкілдігін ырықтандыруға бет бұрыс жасалатын болады. Президентіміз биліктің монополиялануының кері әсерін зерделеп берді. Өзінің «Аmanat» партиясының төрағасы лауазымында болмайтынын, ал әкімдердің, орынбасарларының жергілікті филиалдарды басқаруы шектелетінін айтты.

Халықтық басқарудың нақты көрінісі ретінде өкілді биліктің ықпалдылығын кеңейту өзекті де, маңызды қадам.

Сайлау процесіндегі өзгерістер арқылы бұқара халықтың сайлауға деген сенімдерінің артатынын сезіндік. Өкілді биліктің кейбір деңгейіне сайлаудың пропорционалдықпен қатар мажоритарлық нысаны да қолданатыны сайлау процесін жетілдіру деп түсінеміз. Өйткені, әр азаматтың сайлау және сайлану құқығының сақталуы өзекті мәселе. Мәслихаттардың жергілікті мемлекеттік басқарудың емес, өзін-өзі басқару жүйесінің нақты тетігі болуы қолдау тапты. Облыс басшысын тағайындауға келісім алуға мәслихаттарға бірнеше кандидатура ұсынылатыны айтылды. Бұны жанама сайлау деп те қабылдауға болады.

Жолдаудан өзім, мемлекеттің қолында биліктің мүмкіндігі қаншалықты болуы керек? Немесе азаматтарға қандай дәрежеде еркіндік берілуі керек? Деген сұрақтарға біршама тұщымды жауап алдым.

Райымбек Сейітов, Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.