ЖОЛДАУ БАРШАҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРДІ

Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізді саяси және экономикалық тұрғыда жаңғырту бағытындағы Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.

«Қайғылы қаңтар» оқиғасынан кейінгі жасалған алғашқы көлемді құжатында Президент «Жаңа Қазақстанды» құру үшін елімізде бұрын-соңды болмаған саяси модернизациялау тетіктерін ұсынды.

Көптеген түйткілді мәселелердің басын ашқан Президентіміз Жолдауының соңында «Жаңа Қазақстанды» құру жолында бар күш-жігерін аямайтынын айтып, барша қазақстандықтарды осы мақсатта бірігуге шақырды.

Расында бүгінгі Жолдау маңызды міндеттерді алға қойып, үлкен өзгерістердің бастауы екенін көрсеткендей болды.

Ендігі кезекте біз жастар — Мемлекет басшысының әрбір бастамасын қолдап, еліміздің дамуының даңғыл жолында күш-жігерімізді аямай, табандылықпен қызмет етуіміз керек!

Жандар Тоқсаба, Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығының директоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.