Бүгін ауданымыздың үш бірдей мектеп оқушылары бокстан Иордания мемлекетінің Амман қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтыннан, күмістен, қоладан алқа тағынып, елдің абыройын асқақтатты.
Қола жүлдені еншілеп, ел намысын қорғаған батырлардың бірі — М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Мадияр Бексұлтанов.
Аудандағы ағайын оқушыны ыстық ықыласпен қарсы алды.
Өзімде ата-анасымен бірге арнайы қабылдап, байрақты бәсекеде көк Туымызды желбіреткен оқушыға сый-сияпатымды ұсынып, алдағы бәсекелеріне қолдау білдіретінімді жеткіздім.
Ал жасөспірім қыздар арасында өткен чемпионатта белбасарлық Бахыт Сейдіш алтын алқаны, Оразалы Батыр ауылының тумасы Нұрсұлу Сүйінәлі күміс жүлдені иеленген.
Қос бұрымды қыздарымызды өңірге аман-есен оралуын күтіп отырмыз.
Оларға да лайықты құрмет көрсетеміз.
Мемлекеттің абыройын асқақтатар ұландарымыз көп болсын!
Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметі