Қыдыралыұлының бекітуімен наурызда 1500 адамға дастархан жайылады
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі сіз бен бізді біріктіріп, өкпе-ренішті ұмыттыратын, ағайынды татуластыратын қасиетті мейрам.
Тағылымдық мәні зор мереке қарсаңында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының іс-шаралар жоспарын бекітуімен аудан көлемінде бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылады
21 Наурыз күні сағат 10:00-де аудандық Мәдениет үйінде «Төрлет, Әз-Наурыз — жылдың басы» атты концертттік бағдарлама, танымдық қойылымдар жалпы жұртшылыққа ұсынылады.
Сондай-ақ мерекеге орай тігілген шатырларда 1500 адамға арналып «Наурыз көже» және дастархан жайылады.
Аса ауылындағы әмбебап спорт кешенінде және ауылдық округтердің бөлісінінде ұлттық ойындар: асық ату, арқан тарту, жамбы ату, ақсүйек, тоғызқұмалақ, ләңгі тебуден спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Мектеп оқушыларына арналып, аудандық кітапханалар мен музейлерде экскурция өтеді.
Ал ауылдық округтерде концерттік бағдарламалар мәдениет ошақтарында өтіп, жергілікті жұртшылыққа көктем көңіл күй ұйымдастырылмақ.
Әз-Наурыз мерекесіне келіңіздер! Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі